21 қазан Үлгілі балалар кітапханасында Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстан» атты танымдық ойын өткізілді. Бұл ойынға Ю.Гагарин атындағы №7 жалпы білім беретін мектептің 7«Ә» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күресін тереңірек түсіндіріп, еліміздің республика ретінде қалыптасу жолындағы маңызды тарихи оқиғаларды бейнеақпараттар арқылы таныстырды. Оқушылар бірнеше кезеңнен тұратын танымдық ойынға қатысып, өз білімдерін көрсетіп, патриоттық рухтарын көтеріп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыра түсті.

«Қыран елім – Қазақстан» танымдық ойын

Пікір үстеу