7 қазан Үлгілі балалар кітапханасы ерекше қажеттіліктері бар балалармен, олардың ата-аналарымен және үй жағдайында арнайы қызмет көрсететін бөлімнің әлеуметтік қызметкерлерімен бірге «Менің достарым менімен болған кезде» атты мейірімділік сағатын өткізді. Кітапханашылар балалармен мейірімділік туралы, жақсы адам болудың маңыздылығы жайында әңгімелесті. Балалар мен ата-аналар «Паровозик», «Допты бастың үстінен беру» ойындарын ойнап, әнмен хоровод жүргізді. Шара соңында балалар мен ересектердің алақандарынан достықтың шуақты сәулелері тарады!
«Менің достарым менімен болған кезде» мейірімділік сағат