Орталық қалалық кітапханасында қазақ халқының дана ойшылы, ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты ашық микрофон өткізді. Іс-шараға Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ қызметкерлері мен 3517 әскери бөлімінің сарбаздары белсенді қатысты. Ашық микрофон алаңында қатысушылар Абай өмірінен тағылымды деректермен бөлісіп, оның жүрек тебірентер өлеңдерін көркем мәнермен оқып, ғибратқа толы қара сөздерінен сыр шертті. Кітапханашылар «Абай мұрасы – мәңгілік қазына» атты тағылымды кітап көрмесін таныстырып, ұлы ақынның өнегелі өмірі мен өшпес мұрасын насихаттауға зор үлес қосты. Шара соңында жүрекке жылы, сырлы сазға толы Абай әндері шырқалып, тыңдарман көңілін тербеп, рухани ләззат сыйлады. Кеш өзінің негізгі мақсатына жетіп, дана Абайдың мәңгілік мұрасын дәріптеген мазмұнды да мәнді рухани мерекеге ұласты.
«Ұлылардың ұлысы – Абай» ашық микрофон