Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері Домбыра күніне орай Степногорск қ. Балалар музыкалық мектебінің оқушыларымен “Домбырам-асыл мұрам” атты іс-шара өткізді. Шара барысында оқушылар қазақтың ұлттық аспабы домбыра тарихымен терең танысып, “Күйді тап”, “Жұмбақ сөз” ойындарына белсене қатысты. Қатысушылар күмбірлеген домбыраның үнімен сахна төрін сәнге бөлеп, ұлттық рухты жүректерге жеткізе білді. Іс-шара “Күй-дала жүрегінің үні” атты кітап көрмесімен аяқталды.

“Домбырам-асыл мұрам”

Пікір үстеу