4 тамызда Үлгілі балалар кітапханасында «Данномен бірге ғарышқа ұшамыз!» атты ғарыштық тур өтті. Іс-шара Н.Н. Носовтың «Дымбілместің Айға саяхаты» кітабының 60 жылдығына арналды. Шараға МКҚК «Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» қатысты. Кітапханашы «Николай Носовтың қиял әлемі» атты кітап көрмесін таныстырып, орыс жазушысының өмірі мен шығармашылығы, соның ішінде «Дымбілместің Айға саяхаты» кітабы туралы әңгімеледі. Балалар әртүрлі байқауларға белсене қатысты: белгісіз жіберушіден келген шифрды шешті, пазл жинады, Дымбілмес ұшып барған Айды суретке салды. Іс-шара соңында кітап желісі бойынша түсірілген «Дымбілместің Айға саяхаты» мультфильмі көрсетілді.
«Данномен бірге ғарышқа ұшамыз!» ғарыштық тур