Буктрейлер 2025 жылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында таңдалған жазушы Такен Әлімқұловқа арналған. Жазушы шығармашылығының өзегінде – адам мен табиғат, жануарлармен қарым-қатынас арқылы кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін ашу жатыр. Мұндай образ ретінде «Қаражалбырлы қасқыр» повесіндегі Буғыбай бейнесі көрінеді – оның қатыгез әрекеті тек қасқыр үшін ғана емес, бүкіл ауыл үшін де қайғылы оқиғаға айналады. Оған қарсы кейіпкер ретінде «Рэкс» әңгімесіндегі Эмма бейнеленеді – ол итке шын жүректен қамқорлық танытады. Осы хикаялар туралы «Табиғат экологиясынан – жан экологиясына» атты бук-трейлер баяндайды.

Буктрейлер 2025 ж. «Бір ел – бір кітап»

Пікір үстеу