Қадірлі әкелер!
Сіздерді Әкелер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасының тірегі, асқар таудай қорғаны болған сіздерге деген алғысымыз шексіз. Әке – баланың панасы, отбасының шамшырағы, мейірім мен тәртіптің үлгісі. Осы мерейлі күні сіздерге арналған жүрекжарды тілектерімізді қабыл алыңыздар. Біз әзірлеген арнайы бейнебаян – сіздерге деген құрметіміздің, ризашылығымыздың шағын бір көрінісі ғана.
Әкелер күні құтты болсын!