13 маусым Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері Viamedis қалалық емханасымен бірлесіп «Медицина кәсібі-адамгершіліктің асылы» атты мерекелік шара Медицина қызметкерлері күніне орай өткізді. Іс-шараға Viamedis қалалық емханасының дәрігерлері мен медбикелері қатысты. Іс-шара барысы қала әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлының құттықтау сөзі мен марапаттау рәсімінен бастау алды. Ақ халатты абзал жандарға арнап Мәдениет үйінің өнерпаздары мен кітапхана қызметкері ән шашуларын тарту етті. Іс-шарамыз ақхалатты абзал жандардың ерең еңбегін ұлықтап, оларға деген ілтипатымызды білдіретін сәтке толы болды.

«Медицина кәсібі-адамгершіліктің асылы» мерекелік шара

Пікір үстеу