Орталық қалалық кітапханада 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Зұлмат жылдардың ызғары» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Степногорск қ. МКҚБ ұжымы мен «Мақсат» колледжнің басшысы және студенттері қатысты. Қатысушы «Мақсат» колледжнің директоры Нұржан Жылқыбайұлы мен оқытушы Абдулла Сайдулаевич қазақ халқы аштыққа қалай ұшырағанын, қазақтың көкірегін оятуға ұлт зиялыларының қосқан зор үлесі туралы айтып өтті. Кітапханашы саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық жылдар жайында деректі фильм көрсетіп, жан-жақты мәліметтер берді. Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды.
«Зұлмат жылдардың ызғары» дөңгелек үстел