23 мамыр Орталық қалалық кітапханада «Артық білім – кітапта…» атты танымдық дөңгелек үстел кездесуі Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойы аясында өтті. Іс-шараға Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы шараны ашып, ізгі тілегін білдірді. Кітапхана қонақтары журналист Жарқынбек Жұмаділұлы, Толқын Ақанұлы, ақын, сазгер, Құрманбек Әлімғазы, Риза Қайырбайқызы, «Құрмет», «Айбын» орденінің иегерлері,әншілері
Серікжан Ысқақбек Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстазы әрі дәстүрлі әншісі, Айнұр Қажымоллақызы, халықаралық ән байқауларының жеңімпазы, әнші,
Бакесова Сұлугүл Бекенқызы, журналист, «Алтын қалам» сыйлығының жүлдегері, Жұлдыз Тайманқызы. Қытай мемлекетінің ең үздік теле-жүргізуші байқауының жеңімпазы, әнші Рахметова Райхан Бауыржанқызы журналист, Берікбол Дүйсенбайұлы, дәстүрлі әнші Лаубаева Ажар Мұратқызы, «Еl.kz» ақпараттық-танымдық порталының журналисті, Нұржаз Толқынқызы жас әнші болды.
Кітапхана оқырмандары қатысып, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы сөз қозғалды. Кітапхана қорына жаңа ғылыми-танымдық еңбектер мен т.б. кітаптар сыйға тартылды.

«Артық білім – кітапта…» танымдық дөңгелек үстел
Tagged on:

Пікір үстеу