8 мамыр күні Үлгілі балалар кітапханасында «Жүрегіміздегі жеңіс» атты еске алу кеші өтті. Іс-шара еліміздің Жеңіс күніне арналды. Л.Н. Толстой атындағы №4 МГ 3 «В» сыныбы оқушылары белсенді қатысушылары болды. Кітапханашы кітап көрмесін таныстырып, Ұлы Отан соғысының маңызды оқиғалары мен соғысқа тікелей қатысқан қазақ жауынгерлерінің ерліктері туралы айтып берді, сондай-ақ балалармен «герой», «подвиг», «патриотизм» ұғымдарын терең талқылады. Балалар алған білімдерін викторинада бекітті, түрлі ойындар ойнап, шараға ерекше көңіл-күй сыйлады.
«Жүрегіміздегі жеңіс» еске алу кеші