5 мамыр Орталық қалалық кітапханасында «Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» атты позитив сағаты 7 мамыр –Отан қорғаушылар күніне орай өткізді. Іс-шараға Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының (МКҚБ) қызметкерлері мен 3517 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты. Кітапханашы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылу тарихы жайлы мағлұмат берді. Қатысушылар «Сен – Батырсың!» атты тренингке қатысып, «Сөз маржаны – ерлік салтында!» ойынында халқымыздың мақал-мәтелдерін жалғастырып, қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық спорты – «Қол күрес» сайысына қатысып, викториналық сұрақтарға берді. «Ән сал, Сарбаз!» атты әсерлі әнмен аяқтады.
«Ұранды елдің – ұрпағы қайсар» позитив сағат