Орталық қалалық кітапхана «Жеңіс гүлін терген күн» акциясын Жеңіс күні қарсаңында №3 мектеп-лицейінің 8-сынып оқушылары, кітапхана қызметкерлерімен бірге қалалық саябақтағы Жеңіс ескерткішіне барды.
Ескерткіш алаңында балалар оның тарихын біліп, астында майдан даласының топырағы сақталған мемориалдық тұғырға тоқтады.
Әрбір қатысушыға Жеңіс лентасы, естелік күнтізбелер және Ұлы Отан соғысы және майданда шайқасқан степногорлықтар туралы кітаптарға апаратын QR кодтары бар бетбелгілер табыс етілді.
«Тырналар» әнімен қаза болғандарды еске алып, соғыс отын басынан өткерген жерлестеріміздің есімдерін еске алдық.
Бұл кездесу жай ғана еске алу емес, ұрпақтар арасындағы байланысты сақтап, тарихты кітап, сөз және жеке қатысу арқылы жеткізу мүмкіндігі.

«Жеңіс гүлін терген күн» акция

Пікір үстеу