🎶 Кітапханадағы квартирник — шынайы, жанды, жүректен!
Бір сахнада — эстрадалық және авторлық әндерді орындайтын тәжірибелі орындаушылар мен гитарамен рок айтқан жас қатысушылар. Ең кішкентай қатысушы — 10 жаста, ал ең үлкені — 64 жаста.
🎸 Кешті қаламыздың аңызы Владимир Боярский ашты, ол домбырада «Катюша» әнін орындады. Одан кейін әнші-авторлар Э.Ерылкин, Қ.Ахметжанов, В.Телышев, А.Колдомов, С.Цыганков, сондай-ақ «Яркий» өнер орталығының жас өнерпаздары: Андрей, Алексей, Кирилл, Алан, Кирилл және Никита өнер көрсетті. Ал соңында барлығымыз бірге хормен: «Как здорово, что все мы здесь сегодня собрались…» деген әнді шырқадық.
2 сағат бойы жанды музыка, күлімсіреу мен шынайы эмоциялар! Қатысқандардың бәріне үлкен рахмет!
Кітапханадағы квартирник