29 сәуір күні Орталық қалалық кітапханада 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан – бірлігі бекем, тағдыры ортақ – Мәңгілік ел» атты әдеби круиз өткізілді.Аталған шараға 3517 әскери бөлімінің сарбаздары қатысып, мерекелік басқосуға ерекше мазмұн мен рух берді.Шара барысында Бірлік күнінің тарихына шолу жасалып, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрін танытатын бейнебаяндар ұсынылды.Сарбаздар әр ұлттың ерекшеліктерін таныстырып қана қоймай, олардың «рахмет» сөзін түрлі тілде айтып, ынтымақ пен татулықтың қадір-қасиетін тереңінен ұғындырды. Бұл – жас буынды елін сүюге, өзге ұлттың тілі мен мәдениетіне құрметпен қарауға, бейбітшілікті бағалауға тәрбиелейтін өнегелі бастама болды. Шара соңында қатысушылар түрлі ұлттардың ұлттық тағамдарынан дәм татып, бірліктің дәмін ауызбен емес, жүрекпен сезінді десек, артық айтқандық емес.

«Қазақстан – бірлігі бекем, тағдыры ортақ – Мәңгілік ел» әдеби круиз
Tagged on:     

Пікір үстеу