24 сәуір Орталық қалалық кітапханада «Кітап әлем – ғажап әлем» атты Ұлттық кітап күніне арналған фестивальдің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Шараға Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы арнайы қатысып, кітапхана ұжымының мәдени-ағартушылық бағыттағы еңбегіне жоғары бағасын берді.
Ұлттық кітап күні – бұл жай ғана күнтізбедегі күн емес, бұл – ой мен жүрекке сәуле түсіріп, қоғамды рухани кемелдікке жетелейтін маңызды мереке. Осыған орай, 16 сәуірден бастап он күн бойы кітапхана қабырғасында түрлі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, әдеби кітап көрмелері, танымдық викториналар мен шеберлік сабақтары, балалар мен жасөспірімдерге арналған ойын-сауық бағдарламалары өтті. Сонымен қатар, кітап алмасу акциясы жүргізіліп, жергілікті тілшімен сұхбат та ұйымдастырылды.
Фестивальдің жабылу рәсімі барысында он күндік ауқымды шараның қорытындысы жасалып, ең белсенді оқырмандар мен қатысушыларға ризашылық білдірілді. Шара соңында қала әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы кітапхана қызметкерлеріне арнайы алғыс хаттарын табыстап, олардың рухани тәрбие мен білім берудегі ерен еңбектерін ерекше атап өтті.

Ұлттық кітап күні

Пікір үстеу