Орталық қалалық кітапханада «Ойлар мен сөздер: «Әскен Нәбиев –мәнгі өшпес ұлы ерлік» атты әдістемелік сағат Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орай өтті. Ауыл кітапханшылары белгілі майдангер жазушы, жерлесіміз Әскен Нәбиев шығармашылығымен ғылыми еңбектері туралы мәлімет берді. Ұлы Отан соғысы майдандағы ерлігі мен батылдығы туралы деректі фильм көрсетілді. Жазушының жауынгерлігі туралы баяндайтын «Шерулі жылдар» атты кітап көрмеге шолу жасалды. «Перзент», «Атбасар даласында», «Бел – белестер» т.б. әңгімелер жинағымен таныстырылды. Ұлы Отан соғысы әндеріне «Әуенді тап» атты музыкалық ойын өткізілді.

«Ойлар мен сөздер: «Әскен Нәбиев – мәнгі өшпес ұлы ерлік» әдістемелік сағат

Пікір үстеу