14 сәуір Үлгілі балалар кітапханасында «Мәңгілік махаббат мекені» атты әдеби бульвар Қозы Көрпеш Баян Сұлу күніне орай өткізді. Іс-шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты. Кітапханашы ғашық жүректерге шуақ сыйлайтын мерейлі мерекеге арқау болған Қозы Көрпеш – Баян Сұлудың тағдырын баяндады. Оқырмандар «Жүректі жинау», «Поэзия патшалығында», «Өнерің болса, қанекей!», «Тарихқа үңілсек…» атты тапсырмаларды орындап, Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу, Қыз Жібек пен Төлеген жырларынан үзінділер оқып, кітап көрмесімен танысты.
«Мәңгілік махаббат мекені» әдеби бульвар