17 сәуір Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімі Ұлттық кітап күніне орай «Жүрек үнін жырмен жеткізген» атты поэзиялық кездесу кеші ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, қалам иесі Полатбек Жанбаевпен өткізді. Іс-шараға Тау-кен техникалық колледжінің 1 курс студенттері қатысты. Оқырмандар кеш қонағымен еркін сұхбат құрып, пікір алмасып, әдебиетке деген қызығушылықтарын көрсетіп, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ақын өзінің жүрекжарды жырларын оқып, кітаптарымен таныстырды. Іс-шара соңында ақынға Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» кітабын сыйға тартты.
«Жүрек үнін жырмен жеткізген» поэзиялық кездесу кеші