15 сәуір күні Орталық қалалық кітапханада махаббат пен отбасы құндылықтарын дәріптейтін ерекше кеш – «Махаббат мәңгі ертегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Бұл мерекелік басқосуға «№4 Болашақ ОММЛИ» КММ 9-сынып оқушылары қатысты. Бұл кеш Қазақстанда кеңінен танылған Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күніне арналды. Мерекенің мақсаты – шынайы махаббат пен мейірімділікті насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын жалғау, үлгілі отбасылардың өнегесін жастарға үлгі ету.
Іс-шара барысында ұлттық лиро-эпостық жырлардан үзінділер ұсынылып, шақырылған қонақ жұппен сұхбаттар өтті, викториналар мен әсерлі қойылымдар ұйымдастырылды. Қонақтар шынайы сезімге толы өнерлерін паш етіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Шара соңында кітапханашы «Махаббат – мәңгілік тақырып» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

«Махаббат мәңгі ертегі» мерекелік іс-шара

Пікір үстеу