20 наурыз күні – Ұлттық ойындар күні!
Бабаларымыздан мирас болып қалған ұлттық ойындар – тек көңіл көтерудің ғана емес, ұлт рухын асқақтатар тәрбие құралы. Әрбір ойынның астарында терең мағына, ерлік пен ептілік, төзім мен тапқырлықтың үлгісі жатыр.
Осы орайда, Наурызнама онкүндігі аясында Орталық қалалық кітапханада «Ұлы дала ойындары» атты ерекше шара өтті. Бұл мерекелік басқосуға «№4 Болашақ ОММЛИ» КММ оқушылары өз үлестерін қосып, ата-бабамыздан жеткен ұлттық ойындармен танысып қана қоймай, өздері де белсене қатысып, нағыз қазақы рухты сезінді. Шара барасында асық ату, арқан тарту, бес тас, көтермек сынды ойындар ойнатылып, жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрмет оянды.
Ұлы дала төсінде ғасырлар бойы жалғасқан осындай ойындарымыз өшпей, келешекке даңғыл жол тартсын!
«Ұлы дала ойындары» ерекше шара