14 наурыз күні Орталық қалалық кітапханасында «Керемет келін» атты келіндер сайысы өтті. Байқауға Степногорск қаласының келіндері мен Қырыққұдық, Қарабұлақ аулының келіндері қатысты. Келіндер 4 кезең бойынша сынға түсті. Әділ-қазылар алқасы сайысқа қатысушылардың өнері мен білімдеріне мән беріп шешім шығарды. Сайыс нәтижесінде ІІІ орын Қырыққұдық ауылының келіні Салдатхан Айнагүл, ІІ орын Қарабұлақ ауылының келіні Батталова Айгуль Жакияновна, І орын Қырыққұдық ауылының келіні Болат Риза иеленді. Қатысушыларға «AMANAT» партиясының хатшысы Касенов Асқар Шапағатұлы демеушілік көрсетіп, диплом мен бағалы сыйлықтар табыстады.
«Керемет келін» келіндер сайыс