Орталық қалалық кітапханада алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту – парызым» атты әдеби дилижанс өткізілді. Іс шараға Степногорск қаласының мамандандырылған күзет қызмет басқармасы мен 3517 әскери бөлімінің сарбаздары қатысты. Іс шара барысында өлең шумақтары оқылып, жасанды интелект арқылы жасалған бейнебаян көрсетіліп, әрбір жүректен шыққан ризашылық сезімін білдіру үшін «Жақсылық арсеналы» атты психологиялық тренинг өтті. Халқымыздың мәдениеті мен дәстүрін, батылдық пен ептілікті көрсету мақсатында қазақтың «Асық ату» ойыны ойнатылды. Іс шара соңы болашаққа қанат қаққан жас бүлдіршіндеріміздің құттықтау сөзімен аяқталды.

«Алғыс айту – парызым» әдеби дилижанс / күзет қызмет басқармасы мен 3517 әскери бөлімінің сарбаздары

Пікір үстеу