Орталық қалалық кітапханада «Алғыс айту – парызым» атты әдеби дилижанс Алғыс айту күніне орай өткізілді. Іс шараға Степногорск қаласының Төтенше жағдайлар мен полиция басқармасының қызметкерлері қатысты. Іс шара барысында өлең шумақтары оқылып, жасанды интеллект арқылы жасалған бейнебаян көрсетілді, әрбір жүректен шыққан ризашылық сезімін білдіру үшін «Жақсылық арсеналы» атты психологиялық тренинг өтті. Халқымыздың мәдениеті мен дәстүрін, батылдық пен ептілікті көрсету мақсатында қазақтың «Асық ату» ойыны ойнатылды. Іс шара соңы болашаққа қанат қаққан жас бүлдіршіндеріміздің Алғыс айту күніне арналған құттықтау тілектерімен аяқталды.

«Алғыс айту – парызым» әдеби дилижанс

Пікір үстеу