Үлгілі балалар кітапханасында Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана мен әжеге деген сүйіспеншілікпен» атты конкурстық бағдарлама өткізді. Іс-шараға «Цветик-семицветик» отбасылық оқу клубының мүшелері қатысты. Кітапханашы Халықаралық әйелдер күнін неге дәл 8 наурызда атап өтетінін, басқа елдерде аналар мен қыздарды қалай құттықтайтындары туралы айтты. Балалар көңілді байқаулар мен викториналарға белсене қатысып, өз аналары мен әжелерін құттықтап, түрлі суреттер салып, өлеңдер оқып, би биледі.
«Ана мен әжеге деген сүйіспеншілікпен» конкурстық бағдарлама