Орталық қалалық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары әдістемелік сағатты «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша таңдалған проза жанрында ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы, суреткер Т.Әлімқұловтың шығармаларына және поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, Ж. Нәжімеденовтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Бір дәуірдің қос жұлдызы» атты әдеби алаң өткізді. Шараға кітапхана қызметкерлері қатысты. Шара барысында кітапханашылар Т.Әлімқұловтың, Ж.Нәжімеденов туындыларымен таныстырып,
2025 жыл бойы ел болып оқуға таңдалған екі автордың шығармалары бойынша дайындалған сұрақтар мен «Құпия қорапша» ойыны ойнатылды.
«Бір дәуірдің қос жұлдызы» әдеби алаң