Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бірлік – даңғыл, береке – тамыр» атты ұлттық тағамдар фестивалін өткізді. № 3 мектеп-гимназиясының 8 «г» сынып оқушылары итальяндық ұлттық тағамдардың презентациясын әзірлеп, басқа ұлттардың тағамдарымен және олардың жасалу ерекшеліктерімен танысты. «Угадай по костюму» байқауы көпшіліктің көңіл-күйін көтеріп, қатысушы ұлттық киімдерін киіп, сол ұлттың әуенімен шығып, оның қай ұлттың өкілі екенін білді. Балалар халық ойындарымен танысты: украиндық «Чаклун», өзбектің «Подними тюбетейку», қазақтың «Ақ сүйек». Шара соңы тағамдардан дәм татумен аяқталды: қазақ ұлтының бауырсақтары, орыс ұлтының құймақтары, белорус ұлтының сырники, өзбек ұлтының тәтті янчмиштері және т.б.Ұлттық тағамдар сайысы оқушылардың Қазақстан халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы білімдерін толықтырып, достық атмосфера мен жақсы көңіл-күй сыйлады.

«Бірлік – даңғыл, береке – тамыр» ұлттық тағамдар фестивалі

Пікір үстеу