Үлгілі балалар кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Абай: жанның жыршысы» атты Абай оқулары байқауы өткізілді. Іс шараға қала мектептері мен ауыл, кент мектептерінің 6-7-8 сынып оқушылары, «ApARTe» және «Жаңа ғасыр» театр үйірмелерінің оқушылары қатысты. Қатысушылар 2 кезең бойынша таныстыру бөлімінде өздерін таныстырып, «Дала даналарының ізімен» кезеңінде сахналық қойылым арқылы өз өнерлерін көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша 3 орынды Қарабұлақ ауылының жалпы орта білім беру мектебінің 8 «А» сынып оқушысы Жақсылық Ұлдана, Ақсу кенті №2 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Сембай Дидар, А.С Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп лицейінің 6 «Б» сынып оқушысы Тюлюбеков Эльхан алып, 2 орынды «ApARTe» театр үйірмесінің оқушылары мен Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 жалпы білім беру мектебінің 7 «Б» сынып оқушысы Кошкина Александра және 1 орынды «Заводской» кентінің ЖОББ мектебінің 6 сынып оқушысы Жаксылык Еркебұлан иеленді. Барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен мадақтамалар табысталды.
«Ұлы Абай: жанның жыршысы» Абай оқулары байқау