Үлгілі балалар кітапханасында «Біздің жүрегіміздегі естелік» атты кездесу кеші Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 36 жыл толуына орай өткізді. Іс-шараға Ахмет Байтұрсынов атындағы №2 орта мектептің 8-сынып оқушылары қатысты. Ауған соғыс ардагерлері Борщик Николай Александрович және Чешко Александр Николаевичпен кездесті. Кітапханашы оқушыларға Ауған соғысының тарихы туралы ақпарат айтып, өлеңдер оқыды, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды.
«Біздің жүрегіміздегі естелік» кездесу кеші