Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімі кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай «Ауғанстан: уақыт бізді таңдады» атты кездесу-репортаж өткізді. Кеш қонақтары Ауған соғысының ардагерлері Владимир Андреевич Чабан мен Николай Александрович Борщик болды. Бұл соғысқа қатысу Кеңес әскерлерінің Ауғанстандағы шектеулі контингенті құрамында болған мыңдаған жас қазақстандықтардың жүрегінде ұзақ жылдар бойы жазылмас мұң қалдырды.
«Ауғанстан: уақыт бізді таңдады» кездесу-репортаж