Бүгін Степногорск қ. ақыны Владимир Евгеньевич Телышевпен «Ашық жанның өлең жолдары» атты кездесу кеші өтті. Кешке қатысушылар ақынның өмірбаяны, шығармашылығы, «Ерлік» ҚБ еңбек қызметі, спорттық жетістіктері, жан-жақты қызығушылығымен танысты. «Наставленье», «Альбом», «Моей Родине – руднику Аксу», «Не торопись – послушай тишину» атты өлеңдер ұсынылып, жастар ақынның туған жер, жастарға арнау, табиғатқа деген сүйіспеншілік туралы өлеңдердің негізгі тақырыптарымен танысты. «Горняк» ОМС орыс хорының әншілері С.Дорошенко мен С. Рындевич ән орындап, жарық көрген өлең жинақтарына еңген В. Телышевтің өлеңдері ұсынылды.
Степногорск қ. ақыны Владимир Евгеньевич Телышевпен «Ашық жанның өлең жолдары» кездесу кеші