Орталық қалалық кітапханада «Теңге – мемлекет нышаны» атты әдеби-танымдық сағат өтті. Іс–шараға Ыбырай Алтынсарин атындағы № 1 орта мектебінің 9 «А» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы төл теңгеміздің шығу тарихы мен айналымға енгізу сәттері мен ұлттық валютаның маңыздылығы туралы ақпарат берді. «Теңгенің мемлекет алдындағы құпия міндеттері» фильмінен үзінді тамашалап, «Айырмашылығын тап» зияткерлік ойынына қатысып, онлайн тест сұрақтарына жауап берді. Шара соңында балалар өз пікірлерін білдіріп, «Ұлттық валюта – төл теңге» атты кітап көрмесімен танысты.
«Теңге – мемлекет нышаны» әдеби-танымдық сағат