Орталық қалалық кітапханада «Ұстаздар ғұмыр.Ұстаз – нұр» атты мамандық күні өткізілді. Іс шараға тәжірбиесі мол шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар Гүлбарам Кажетаевна, Қалдыгүл Дасимова шақырылды. Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп оқушылары іс шара барысында ұстаздармен ойын ойнап, логикалық сұрақтар жауабын шешті. Кітапханашы Ұстаздар – білім мен бағыт-бағдар беретін, әрбір адамның, оқушылардың арман-мақсаттарына жету жолында қолдау көрсететін тұлға, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар деп қатысушыларға түсінік қалыптастырды.
«Ұстаздар ғұмыр.Ұстаз – нұр»