Орталық қалалық кітапхананың ақпаратты-библиографиялық бөлімі Степногорск қаласының 60 жылдығына орай «Тағдырға айналған қала» атты дөңгелек үстел өткізді. ГТК және ВКС колледж студенттерімен кездесуге қаланың тұрғындары келді: Бронникова Наталья Алексеевна (теміржол жұмысының ардагері), Моисеева Әлия Нуретдиновна (Степногорск қаласы әкімдігінің экономика бөлімінің маманы), Сердцева Раиса Савельевна (ГМЗ краншысы), Тележинская Наталья Всеволодовна (өлкетанушы), Сүлейменов Ардақ Төлегенұлы (Полиция ардагерлері кеңесінің төрағасы), Яковлев Юрий Робертович (отставкадағы полиция подполковнигі), қалаға келген кездегі естеліктерімен бөлісті, қаланың ерекшелігі туралы әңгімеледі. Кітапханашы өлкетану көрмесінде Степногорск туралы кітаптарға шолу жасады, библиографиялық көрсеткіштер мен кітапхана шығарған қала туралы кітаптар мен таныстырды. Қаланың тарихы туралы бейнеролик көрсетілді.
«Тағдырға айналған қала» дөңгелек үстел