Степногорск қаласының 60 жылдығына арналған «Тағдырға айналған қала» бейнероликтер байкауның ережесі.

Байқаудың мақсаттары :

1. Қала тарихына қызығушылықты арттыру;

2. Жастар арасында кітапхананың беделін арттыру;

3. Жастардың шығармашылық әлеуетін анықтау және белсендіру;

4. Кітапханаға оқырмандарды тарту.

Байқауды ұйымдастырушы – Степногорск қаласының Орталық қалалық кітапханасы.

Байқау шарттары:

1. Байқау тақырыбына сәйкес бейнероликтер ұсынылады.

2. Байқауға кез-келген жастағы барлық адамдар қатыса алады.

3. Байқауға қатысушы: тегін, атын, әкесінің атын, байланыс телефонын көрсетуі тиіс.

Бейнероликке қойылатын талаптар:

1. Орнатылған бейненің соңғы нұсқасын MOV, MPEG, MP4 форматтарында сақтау.

2. Бейнероликтін жазу ұзақтығы 3 минуттан аспау керек.

Бағалау критерийлері:

– Бейне түсіру сапасы.

– Бейнероликтің байқау тақырыбына сәйкестігі.

– Шығармашылық жаңалық.

– Өзіндік ерекшеліктері.

– Дыбыстық сүйемелдеудің, бейне эффектілердің болуы.

– Жалпы эмоционалды қабылдау.

– Позитивті хабарлама.

Байқауға қатысушылардың қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау тәртібі:

Байқауға жұмыстар 02.09.2024 ж. бастап 02.10.2024 ж. дейін қабылданады. Орталық қалалық кітапхананың электрондық step_bibl@mail.ru мекенжайына жіберіледі немесе Instagram @kitaphana_stepnogorsk паракшасына қабылданады.

Байқау қорытындысы 22 қазанда шығарылады.

Жеңімпазды марапаттау 2024 жылғы 23 қазанда Степногорск қ. 3-84 мекенжайы бойынша өтеді. Марапаттау уақыты туралы қосымша хабарланатын болады.

«Тағдырға айналған қала» бейнероликтер байкау

Пікір үстеу