Үлгілі балалар кітапханасында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл-халық қазынасы» атты интеллектуалды ойын өтті. Мақсаты: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт -дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шараға №4 МГ 8 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Шара Мемлекеттік әнұранымен басталып, кітапханашы тіл туралы жан-жақты мәліметтер берді. Балалар бес бөлімнен тұратын сұрақтарға жауап беріп, естелік сыйлықтармен және мадақтамамен марапатталды.
«Тіл-халық қазынасы» интеллектуалды ойын