Орталық қалалық кітапханада 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты пресс-конференция өтті. Мемлекеттік Гимн орындалуымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде көтеру, өз елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағытталған шараға Степногорск қ. МКҚБ ұжымы қатысты. Кітапханашы заң жүзінде дұрыс қолдану тәжірибесі туралы жан жақты мәліметтер беріліп, пікірлермен бөлісті. Ата-бабадан келе жатқан тарихты жалғастырып, қандай ел екенімізді, қандай мақсаттарды көздейтінімізді нышандар арқылы белгіленді. Елтаңбамызбен бір шаңырақ астында бейбіт өмір мен татулықты аңсайтынымызды таныттық. Шара барысында мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіліп, ҚР Мемлекеттік Туы желбірей берсін деген ниетпен құттықтау сөзбен жалғасын тапты.

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш / пресс-конференция

Пікір үстеу