Қарабұлақ ауылының үлгілі кітапханасы ауыл әкімі аппаратымен бірлесіп «Балалар күлуі керек!» атты ертеңгілікті 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне ұйымдастырды. «Шығармашылық шеберхана» байқауы өткізілді. Балалар ертегіден сүйікті кейіпкерлерінің, мейірімділіктің, жылулықтың, жаздың күн саулесінің суретін салды, қазақ спорт ойынын ойнатылды, «Менің сүйікті мультфильмім» атты мультивикторина ойнады. Балалар қуанышқа бөленді. Шара соңында балалар шарларға өз тілектерін жазып, аспанға ұшырды.





Балалар күлуі керек! / ертеңгілік