Орталық қалалық кітапханада 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай ескерткішке тағзым етіп, гүл шоқтарын қою рәсімі өткізіліп, «Жаралы жылдар жаңғырығы» атты дөңгелек үстел жалғасын тапты. Еске алу кешінде қала тұрғындарымен тарихшылар қаралы жылдарды еске алып, ұлт тағдыры үшін күрескен зиялылардың еңбегі мен ерлігін ұрпаққа дәріптеп, құрбандардың рухына үлкен тағзым жасалды..
«Қазақ халқы тарихта небір қасапты қырғындарды, қуғын сүргіндерді, зұлмат соғыстарды көрген халық. Осыдан бір ғасыр бұрын сүт бетіндегі қаймақтай болған зиялыларымыз елдің ертеңі, ұлттың болашағы үшін қолына қару емес, қалам алып күресті »,- деді кеш қонағы тарихшы Н. Алдоңғарұлы.
Кеш барысында Бақыт Мұхамадиевич қазақ халқы аштыққа қалай ұшырағанын, қазақтың көкірегін оятуға ұлт зиялыларының қосқан зор үлесі туралы айтып өтті. №9 ОМ және № 6 мектеп гимназия оқушылары қазақ мәдениеті мен әдебиетіне, ұлттың болашағына қызмет еткен ақын-жазушылардың, қуғын-сүргін құрбандарының өмір жолынан сыр айтып, шығармаларынан үзінділер оқыды.