Бестөбе кентінің үлгілі кітапханасында «Тағдырмен тайталасқан тұлғалар» атты еске алу сағаты өтті. Шара Отансүйгіштікке тәрбилеу және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында өткізілді. Шараға музыка мектебінің оқушылары қатысты. Мектеп оқушылары 31 мамыр Қазақстан тарихындағы миллиондаған адамдардың өліміне әкелген жаппай саяси қуғын-сүргін мен жан түршігерлік ашаршылықтың ең қасіретті беттерінң бірі болғанын білді. Оқырмандарға саяси қуғын-сүргін құрбандарының қайғылы тағдыры туралы баяндайтын деректі материалдар мен кітаптар ұсынылды.

Тағдырмен тайталасқан тұлғалар / еске алу сағат

Пікір үстеу