Орталық қалалық кітапханада қазақ халқының композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпаз, күш өнерін көрсеткен спортшы, жауырыны жерге тимеген балуан Балуан Шолақ Баймырзаұлының туғанына 160 жыл толуына орай «Ұлы дала перзенті» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараға Ахмет Байтұрсынов атындағы №2 орта мектептің 8 «А» сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы ақын Балуан Шолақтың өмірі мен шығармашылығы, адамгершілік қасиеттері жайында ақпарат беріп, деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар балуан жайында дайындалған презентацияны тамашалады.

Ұлы дала перзенті / әдеби кеш

Пікір үстеу