Үлгілі балалар кітапханасы мен ОСШЛИ №4 «Болашақ» мектебі бірігіп «Даланың дархан дүлділі» атты әдеби-музыкалық қонақжай Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына орай өткізді. Мақсаты Оқушыларға Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасау, еңбектерінің маңыздылығын көрсету. Іс-шараға 7-8 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы ақынның өмірбаянымен шығармашылығын презентация арқылы таныстырып, оқушылар Ілияс Жансүгіровтің өлеңдерін мәнерлеп оқып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Іс-шара соңы Омарова Нұргүлдің орындауында «Туған жер» әнімен аяқталды.




Даланың дархан дүлділі / әдеби-музыкалық қонақжай