Орталық қалалық кітапханада «Халықтың сүйікті қаламгері» атты әдеби кеш әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына, Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясына орай өтті. Іс –шараға №6 МГ 8 «А» сынып оқушылары қатысты.




Мақсаты: оқушыларды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру. Оқушылардың қазақ әдебиетіне деген ой-өрісін, қызығушылығын ояту. Кітапханашы балаларды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, Оқушылар «Балалық шаққа саяхат» повесі және «Өлгендер қайтып келмейді» романын талқылап, автордың шығармалары бойынша викториналық сұрақтарға жауап берді. Шара соңында балалардың назарына Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасының желісі бойынша түсірілген фильмінен үзінді және кітап көрмесімен таныстырды.