Орталық қалалық кітапханада «Шанырақ шуағы» атты отбасылық қонақжай кеші өтті. Мақсаты: отбасы мәртебесін көтеру, қоғам назарын отбасы құндылықтарын нығайтуға аудару. Іс-шараға кітапхана қызметкерлері мен көп балалы аналар шақырылды. Кеште ойын бағдарламалары, отбасылық конкурстар, отбасылық құндылықтар, ұрпақтан-ұрпаққа тәрбие мен дәстүр туралы «Келінжан» фильмінен үзінділер ұсынылды. Кеш барысында көпбалалы аналар алғыс хаттармен және шағын сыйлықтармен марапатталды.
Шанырақ шуағы / отбасылық қонақжай кеші