Үлгілі балалар кітапханасында «Салауатты өмір көркі-көтеріңкі көңіл» атты арт-сағаты өтті. Мақсаты оқушылардың салауатты өмір салты мәселелерінде белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру, жаман әдеттерден бас тарту, балаларға сурет арқылы салауатты өмір салтын насихаттау мәселесіне өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік беру. Іс-шараға № 6 МГ 7 «Г» сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында балалар салауатты өмір салтының бес тірегі дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік, гигиена, жақсы демалу, уақытылы ұйықтау мен психикалық тепе-теңдік туралы және темекі, алкоголь мен есірткінің адам денсаулығына зиянды әсерлері бар екенін түсініп, «Сіз және сіздің салауатты өмір салтыңыз», «Спортпен дос бол» атты викториналық сұрақтарға жауап берді.





