Үлгілі балалар кітапханасында «Қазақ халқының батыр ұлдары» атты ерлік сабағы Жеңіс күніне орай №4 мектеп-гимназиясының 6 «Б» сынып оқушыларымен өткізді. Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында отан сүйгіштік сезімін ояту; Оқушылардың ата-бабаларының ерліктері және жалпы Ұлы Отан Соғысы туралы білімдерін тереңдету. Кітапханашы түрлі бейне/аудио жазбаларды пайдалана отырып, Ұлы Отан Соғысының басты оқиғалары, соғыс қимылдарына тікелей қатысқан қазақ жауынгерлер Рахымжан Қошқарбаевтың ерліктері туралы айтып, оқушылармен «патриоттық», «ерлік» ұғымдарын талқылады. Іс-шара сонында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етіліп, бір минуттық үнсіздік жарияланды

Қазақ халқының батыр ұлдары / ерлік сабағы

Пікір үстеу