Орталық қалалық кітапханада жастардың мамандыққа деген ықыласын, қызығушылығын арттыру арқылы өз қалауын жасауға мүмкіндіктер туғызу мақсатында «Мамандық таңдап көріңіз» дублер шоу өтті. Степногорск қ. №3517 әскери бөлімнің сарбаздары белсене қатысты.
Мақсаты: әр жасөспірім жеке тұлғасының бәсекелестік қабілетін, өзінің қалауына сай белгілі бір еңбек әрекетіне дайындық білімділігін қалыптастыру. Абай атамыз: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» демекші кәсіп таңдап, жұмыс табу үлкен өмірге қадам басқан жастардың басты мұрат-мақсаты десек артық етпес.
Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.






Мамандық таңдап көріңіз / дублер шоу