Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен қазақ әдебиетіне үлкен үлес қосқан, айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлиннің туғанына биыл 130 жыл. Орталық қалалық кітапхана ұлағатты адамдардың өмірімен шығармашылық жолын оқушыларға таныстыру, азаматтық тұлғасын таныту мақсатында «Әдеби талғам» атты библиокафе ұйымдастырылды. Атаулы шараға №4 «Болашақ» мектебінің оқушылары және «Степногорск қалалық Қазнашылық басқармасы» РММ ұжымы қатысты. «Әдеби талғам» мәзірдің тізімі бойынша басты кезеңі ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерген «Үш бәйтерек» тұлғаларымыздың еңбектеріне толық мәлімет бере отырып, «Поэзияның дәмханасы» кезеңінде ақиық ақын М. Мақатаев, М. Дұлатовтың жырлары шырқалды. Кеш барысында арнайы әзірлеген десертті татып, жаңадан түскен әдебиеттерге шолу жасалды.

Әдеби талғам / библиокафе

Пікір үстеу