Үлгілі балалар кітапханасы «Ата-баба дәстүрі-ұрпаққа аманат» атты ұлттық спорт ойындарының фестивалін, Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз «Ұлттық спорт күні» өткізді. Шараға «Батыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары қатысты. Кітапхана қызметкерлері Наурыз мерекесінің тарихымен таныстырып, балалар ұлттық «Асық ату», «Арқан тарту», «Көтермек» ойындарына қатысты. Іс-шара соңында жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар мадақтама қағаздарымен ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Ата-баба дәстүрі-ұрпаққа аманат / спорт ойындарының фестивалі