Орталық қалалық кітапханасында Наурызнама онкүндігі аясында 16- наурыз Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне «Асыл әжелер» атты байқау өткізілді. «Асыл әжелер» байқауына «Сырласу» клубы мүшелері, Бөгенбай, Қарабұлақ, Қырық құдық ауылынан және Ақсу кентінен әжелер ат салысты. Сайыс төрт кезеңнен болды, әжелер өнерлері «Салтым – асыл қазынам», «Тегін білу-тектілік», «Ұлттық дастархан», «Өнерлі өрге жүзер», «Өнегелі әже», «Бұлбұл әже», «Дана әже», «Өнерлі әже» номинацияларымен марапаталды, бағалы сыйлықтар берілді.
Асыл әжелер / байқау